Ұлттық білім беру деректер қорын толтырудың ерекшеліктері

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ — білім беру саласы бойынша алғашқы статистикалық деректер жинау және өңдеу жөніндегі бизнес-үдерістерді автоматтандыруға арналған ЭОЖ кіші жүйесі. ҰБДҚ-да «ҚР БҒМ – білім басқармасы – білім бөлімі – білім ұйымы» тізбегі бойынша қолмен толтырылатын және жиналған, әкімшілік есептер үшін деректер жинау автоматтандырылған.

Жүйеге 30 мектеп, 12 балабақша,20 мектепке дейінгі шағын орталық қосылған.

Барлық білім беру ұйымдары базаға енгізген статистикалық мәліметтерін:оқушылардың қозғалысы,педагогтер туралы мәліметтер, материалдық-техникалық база,мектеп бітіруші түлектер туралы мәліметтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Тамыз-қыркүйек айында аптасына 4 рет аудандық білім бөлімі ҰББДҚ өзгерістері бойынша және қателерді түзету бойынша 20 семинар өткізді.

Білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы күн сайын ұлттық білім беру деректер қорын толтыру жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіп, жүйе жұмысына сараптама жасап, білім мекемелерінің басшыларына ұсыныс жасайды.

Қыргүйек айының аяғында білім мекемелерінің басшылары Ұлттық білім беру деректер қорында электрондық-цифрлық қолтаңбасын бекітеді.

Аталған бағыттағы жұмыс келешекте де өз жалғасын табады.

Аудандық білім бөлімі.