«Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен дириктордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен бейнежиналыс өткізді. Жиналыс барысында жалпыреспубликалық ата – аналар жиналысының тұжырымдамасы берілді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
3) Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
4) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру интернет-платформасымен танысу.
5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
6) Баланың оқу режимі және демалысы.
7) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
8) Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналардың балаларына үйрететін ережелер.
9) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
10) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.
Аудандық білім бөлімі.