Міне, жайдары жаз да келіп жетті. Жаздың келуіне балалардың қуанышы ерекше. Өйткені, қашан да жаз маусымы демалысымен қызықты.
Елімізде балалардың жазғы демалысын пайдалы ұйымдастыру дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзінің қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді.
Биылғы оқу жылы оқушыларға оңай болған жоқ. Әлемде болып жатқан пандемияға байланысты қашықтықтан оқып, үйден шықпай отыруға мәжбүр болды. Дегенмен де, осындай қиындыққа қарамай, мектеп ұжымы оқушылардың жазғы демалысын қызықты өткізу үшін барлық жағдайларды жасады. Жоспарланған іс шаралар өз уақытында,сапалы жүргізіліп отырды.
Ұстаздар өз жұмыстарын презентациялар, бейнероликтер арқылы топтарына жіберіп отырып, демалыстарын сәтті ұйымдастыруға жағдай жасады. Ұстаздардың жасаған жұмыстары әлеуметтік желілерге жарияланып отырды.Нәтижесінде, балалар мен ата-аналардың алғысы көптеп келуде, ал жылы лебіздер- біздің ұжым үшін жаңа серпіліс.
Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты кішкентай болса да, балаларымыздың көңіліне күн шуағын сыйлай білсек, бұл да бір біздің жетістігіміз деп есептеймін.
Н.ЖҰМАҒАЛИЕВА,
Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.