Егер сіз қандайда жағдайларға байланысты бала асырап ала алмасаңыз, онда баланы патронаттық тәрбиелеуге алып көріңіз. Ал, біз баланы патронаттық тәрбиелеуге алу және оны асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды онлайн рәсімдеу жолын #oqy&toqy айдарында көрсетеміз.
* Egov.kz порталына кіріңіз;
* Порталдың қызметтер тізіміндегі «Отбасы» бөлімінен «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» қызметін табыңыз;
* Қызметті онлайн сұратыңыз;
* Бірінші қадамда сұратылған мәліметтерді толық толтырып шығыңыз;
☝Егер сіз некеде болсаңыз, жұбайыңыздың ЖСН нөмірін көрсетуіңіз керек. Ал жұбайыңыз ЭЦҚ арқылы жеке кабинетінен он күн ішінде келісімін беруі шарт.
- Екінші қадамда сіздің және жұбайыңыздың денсаулық жағдайы және сіздің біліміңіз туралы ақпараттардың скан көшірмелерін порталға жүктеу арқылы көрсетіңіз;
- Сіз жайлы қылмыс жасау мәліметтердің жоқтығы мен жұбайыңыздың электронды келісімін алуға рұқсат беріңіз;
- Үшінші қадамда, жүйеден сұратылған мәліметтер порталға шыққанша жаңартыңыз. Мәліметтер 10 күнге дейін жаңартылуы мүмкін;
- Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
- Қызметті онлайн сұратқанда сізге төмендегі құжаттардың скан көшірмелері немесе электрондық нұсқалары қажет болады:
- Қызметалушының, егер некеде тұрса оның; жұбайының да денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психатриялық диспансерлерде есепте тұрмағаны жөнінде анықтамалар;
- Қызметалушы некеде болса, онда оның жұбайының нотариус арқылы расталған келісімі;
- 2008 жылға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі;
- Өтініш беруші отбасының жеке меншігінде тұрғын үйі болмаса, тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
- Өтініш берушінің білімі туралы мәліметтер;
- Баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
Қызметтің нәтижесін 10 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз.