«Kundelik.kz» жүйесін жүргізу

«Kundelik.kz» бағдарламасы іске қосу нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы білім үрдісінің барлық қатысушылары үшін электрондық білім беру технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдары мен орта білімді басқару органдарының білім беру, тәрбие және басқарушылық қызметтерінің функциялары мен процестерін автоматтандыру арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін есепке алу жүйесін жетілдіру болып табылады.

Ауданның 19 білім мекемесі «Kundelik.kz» бағдарламасына қосылған. Жаңа оқу жылында оқушылар мен ата-аналарға арналған «Мектеп» мобильді қосымшасының жаңа нұсқасы іске қосылды. Пайдаланушылар жаңа мүмкіндіктерге ие болды. Жаңа интерфейс, ойластырылған навигация арқылы қосымша заманауи әрі ыңғайлы форматта жасалған. Бағдарламаның осы функцияларын таныстыру мақсатында аудан білім мекемелерінің директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Аудандық білім бөлімі