Ескелді ауданының тұрғындары заңсыз сақтап жүрген қаруларынызды тапсырып – сыйақы алыныздар

Құрметті! Ескелді ауданының тұрғындары ағымдағы жылдың шілде айының 1-нен бастап ҚР-ның ІІМ-нің барша азаматтарға заңсыз сақтаған қаруларды, жарылғыш заттарды өз тұрғылықты жері бойынша өз еріктерімен ішкі істер органына тапсыруды ұсынады.
Қазақстан Республикасының ІІМ 2015 жылдың наурыз айының 27-і күні № 266 бұйрығына сәйкес, азаматтардың заңсыз сақтаған қару–жарақтарын, жарылғыш заттарын өз еркімен өткізу туралы ережесі бойынша заңсыз сақтаған қаруларын өткізген азаматтарға Қазақстан Респубилкасының осы жылғы республикалық бюджеті бойынша заңды түрде сыйақы тағайындайды.
Өздеріңізбен бірге келесідей құжаттар тапсыруыңыз керек:
Жеке кулік көшірмесі 2 дана
Кез келген банкіден жеке азаматтың 20 (жиырма) санды есеп шоты бар екенін растайтын анықтама 2-дана.
Заңсыз сақтаудағы атыс-қаруы.
Ескертпе:
Сыйақы тағайындау барысында қарудың техникалық жағдайы ескеріледі. Егер өткізілген қару қолданысқа жарамды болса, онда оған берілетін сыйақы да көбірек болады. Қару қолданысқа жарамды болса заңға сәйкес 90 пайызы төленеді, ал қолданысқа жарамсыз болса 70 пайызы төленеді. Қаруды ерікті түрде өткізу Ескелді ауданының полиция бөлімінің қызметкерлеріне жазбаша түрде арыз беру негізінде қабылданады. Сонымен қатар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Ескелді АПБ-нің ӘТ тобының инспекторы
полиция капитаны С.Нұртасұлы