Құрметті Ескелді ауданының 9 және 11-сынып түлектері!

Аудандық білім бөлімі 2020-2021 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген оқу орындарына төменде көрсетілген мамандадықтар бойынша жолдамалар ұсынады!

Жолдамалар комиссия шешімі негізінде беріледі.

Бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылар, жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар балаларына жолдамалар беріледі.

2020 жылының 20 маусым – 20 шілде аралығында eskeldiraioo@bk.ru электрондық пошта арқылы құжаттарды сканерленген түрде қабылдаймыз (құжат қабылдау рәсімі тек қашықтықтан жүзеге асырылады).

Өткізетін құжаттар тізімі:

1. Өтініш (Ескелді ауданы білім бөлімінің басшысы М.Бектуровқа, еркін түрде, оқу орны мен мамандығы, мекен-жайы, байланыс телефондары, электрондық пошта көрсетілген, қолмен жазылған)

2. Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік

3. Негізгі немесе жалпы орта білім туралы аттестат

4. Әлеуметтік санатты растайтын құжат

Оқу орнынына жолдамалар тек электронды түрде беріледі!