Құрметті оқырман, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетінін білерсіз. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады.
Олай болса, #oqy&toqy айдарындағы бүгінгі тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз:
* Egov.kz порталына кіріңіз;
* Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
* Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;
* ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;
* Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;
* Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;
* Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;
* Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;
* Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;
* Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;
* Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;
* Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;
* Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;
* Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;
* Сертификатты жүктеңіз.