ҚҰРМЕТТІ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Сіздерді Тәуелсіз Қазақстанның полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге тән қажырлылық, табандылық, жауапкершілік, рухынан таймаушылық, антына беріктік алдарыңызда тұрған міндеттерді орындауда зор жауапкершілік жүктейді. Жауапкершілігі мен міндеті жоғары қызметтеріңізді абыроймен атқарып, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ішкі тәртіп пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы әрбір полиция қызметкерінің қажырлы еңбегін халық қашанда бағалайды.

Құрметті полиция қызметкерлері!

Баршаңызға кәсіби шыңдалу, толағай табыс, отбасылырыңызға амандық, баянды бақыт, береке-бірлік тілеймін! Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!

Ізгі тілекпен, аудан әкімі Р. РАҚЫМБЕКОВ.