ТАҒАЙЫНДАУ

«Ескелді ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы

Есболатов Болат Буркитбаевич

Есболатов Болат Буркитбаевич 1960 жылы 13 наурызда Жетісу ауылы Талдықорған ауданы Талдықорған облысында дүниеге келген. 1990 Қазақстан Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтының ғалым агроном мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1982 жылы Жетісу колхозында жұмысшы болып бастаған.

1982-1984 ж.ж. Жетісу колхозының №2 бригадасының звеношысы.

1984-1988 ж.ж. Жетісу колхозының комсомол ұйымының хатшысы.

1988-1989 ж.ж. Жетісу колхозының №2 бригадасының бригадирі.

1989-1993 ж.ж. Төлеңгіт ауылдық халық депутаттары Советінің атқару комитетінің төрағасы.

1993-1995 ж.ж. Жетісу, Екпінді елді мекендерінде әкімшіліктің өкілі.

1995-2002 ж.ж. Төлеңгіт ауылдық округінің әкімі.

2006 жылы – Алматы облысының жер қатынастар басқармасының жер қатынастары және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы.

2006-2008 ж.ж. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының жерді пайдалану және қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы, бөлім бастығының м.а.

04.02.2008 – 26.05.2020 ж.ж. Текелі қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы.

2020 жылдың 02 маусымынан аудан әкімінің №63 ж/қ өкімімен «Ескелді ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы болып тағайындалды.