Көксу ауданында алғашқы сайлаушыларға сыйлықтар табысталды

Көксу ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Бұл – сайлаушылардың белсенділігін арттырып, тұрғындардың сайлау процесіне деген қызығушылығын қолдауға бағытталған жылы бастама.