Бүгінгі мәслихат сайлауының көркін келтірген ақсақал!

Ескелді ауылдық округінің ардақты ақсақалы, 86 жастағы Сүттібаев Төлеухан атамыз №150 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, өз таңдауын жасады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл – өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өнеге. Өйткені ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік таныту – әрбір азаматтың парызы.

Төлеухан атамыз ғұмырының 40 жылға жуық уақытын ауыл шаруашылығы саласына арнап, ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен жан. Сонымен қатар батыр бабамыз Ескелді Жылқыайдарұлының кесенесінде шырақшы болып, тарихи мұрамызды қадірлеуге де өз үлесін қосқан.

Осындай елге сыйлы, еңбегімен өнеге болған ақсақалдарымыз ортамызда аман жүрсін! Ақ батасын беріп, кейінгі ұрпаққа жол көрсетіп жүрген Төлеухан атамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Ақсақалдың өнегелі ісі – жас ұрпаққа тағылым!