Бақтыбай ауылында Президент Жолдауындағы міндеттер талқыландыЕлді дамыту, өңірлердің әлеуетін арттыру және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылында дәстүрлі экспедиция өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесті.

Ел ішіндегі маңызды мәселелерді көтеріп, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуды көздеген кездесуге «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Ертай Айғалиұлы және «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының меңгерушісі Асхат Сейденұлы қатысты.

Іссапар аясында алдымен Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Басқосу барысында білім беру саласының өзекті мәселелері, ұстаздардың қоғамдағы рөлі, жас ұрпақ тәрбиесі және ауыл мектебінің тыныс-тіршілігі сөз болды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, білім сапасын арттыру мен өскелең ұрпақтың болашағына қатысты пікір алмасты.

Сондай-ақ экспедиция мүшелері «Дюсенбинов» шаруа қожалығының еңбек ұжымымен жүздесті. Кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту, еңбек адамдарының жағдайы, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдау және шаруалардың алдында тұрған мәселелер талқыланды. Шаруашылық өкілдері өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауыл экономикасын өркендетуге қатысты ойларын ортаға салды.

Кездесулердің негізгі өзегі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген басым бағыттарды талқылауға арналды.

Ертай Айғалиұлы мен Асхат Сейденұлы Жолдауда айтылған міндеттердің маңызын түсіндіріп, ел дамуы жолындағы қоғамдық жауапкершілік, еңбек адамының мәртебесі, ауылды өркендету, білім мен тәрбие мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен ортақ іске қосатын үлесінің маңыздылығы атап өтілді.

Жиын барысында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Мұндай ашық кездесулер елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысуға, халықтың ұсыныс-тілегі