Жетісуда «Әділет» партиясы дәрігер тапшылығын азайтады

«Әділет» партиясы Жетісу өңірінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 24%-дан 27,5%-ға дейін ұлғайтуды көздейді. Бұл қадамдар облыстағы экологиялық ахуалды реттеуге және тұрғындардың денсаулығын қалыптастыру үшін жасалмақ. Дәл осындай тұщымды ойды «Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутат-тығына кандидаттар Әнел Кәпекова, Диас Инкибаев және Нұрсан Сейітұлы облыстың балалар ауруханасында өткен ақхалаттылармен кез-десуде сөз етті.
Жиында партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасындағы облы-стың әлеуетін көтеретін нақты жоспарлар сараланды. Әуелі Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі міндеттерді тілге тиек еткен Әнел Кәпекова бағдарламадағы денсаулық сақтау саласына қатысты ба-сымдықтарға тоқталды. Айтуынша, «Әділет» партиясы медициналық ма-мандарды, әсіресе ауылдық елді мекендерге, тартып, оларды жұмыс ор-нында тұрақтандыру және үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін дамыту арқылы 2031 жылға қарай дәрігерлер тапшылығын 97-ден 70-ке дейін қысқартады.
– Онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтау мақсатында скринингтер мен профилактикалық тексерулерді тұрақты өткізіп, 2031 жылға қарай халықты осы зерттеулермен қамту деңгейін кемінде 90%-ға жеткіземіз. Халық арасында салауатты өмір сал-тын ұстану, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі мәдениетін қалыпта-стыру арқылы инфекциялық емес аурулардың алдын алуды күшейтіп, осы іс-шаралармен қамту деңгейін кемінде 80%-ға жеткіземіз, — деді кандидат.
Мұнан соң мінберге көтерілген Нұрсан Сейітұлының айтуынша, сая-си ұйым өңірде медициналық қызметтерді цифрландырып, телемедицина-лық технологияларды қолдану аясын кеңейтпек.
– 2031 жылға қарай медициналық қызметтерді цифрландыру және телемедициналық технологияларды қолдану деңгейін 50%-ға дейін артты-рамыз. Орфандық аурулары бар пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қам-тамасыз етуге қомақты қаражат бөлінеді, халықты вакцинациялауға және вакциналардың қажетті қорын қалыптастыруға жұмыс істейміз, — деді кан-дидат.
Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде ақхалаттылар өз ойын жеткізіп, сұрақтар жолдап, тұщымды бағдарламасы бар партияны саяси науқанда қолдайтынын жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.