«Birgemiz: ТҮЛЕК – 2020» Соңғы қоңырау

Биылғы елімізде болып жатқан пандемияға байланысты ауданның барлық білім мекемелері оқу үрдісін қашықтықтан оқып, қашықтықтан аяқтады. Барлық білім беру ұйымдарында икемді кесте бойынша 1-10 сынып оқушылары үшін онлайн-сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары интернет желісі: Zoom байланысы, WhatsApp және басқа да әлеуметтік желілерді қолдану арқылы жүзеге асырылды. Онлайн іс-шара шеңберінде аудан әкімі, аудандық білім бөлімінің басшысы әлеуметтік желілер арқылы құттықтауларын жолдап, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға осы қиын кезеңде үздіксіз еңбектің арқасында оқу жылын лайықты аяқтағаны үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды онлайн-режимде округ әкімдері, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары, сынып жетекшілері, алғашқы ұстаздары құттықтады.

Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілері 2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығарды, онда оқуда, ғылыми-жобалық, спорттық және қоғамдық қызметте көзге түскен оқушыларға, оқу үздіктеріне алғыс білдірді. Оқу жылының қорытындысы бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Ескелді аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі С.Бегенова