Құрметті ата-аналар!

«Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес, 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданатынын хабарлайды.

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылады. Ол үшін Egov.kz арқылы өтініш беру керек.

Бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1-ші маусымы мен 30-шы тамызы аралығында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының бірінші сыныптарына алты жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар бірінші сыныпқа бара алады, себебі күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқығы бар.

Ережеге сәйкес осы ретте мынадай құжаттар қажет:

1) Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

2) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) Денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 нысаны);

4) Көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана

Білім беру ұйымының таңдауы бойынша білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің баланың тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып құқығы көзделген.

Ал балаларды ерекше қажеттіліктері бар мектептерге қабылдау үшін педагогикалық және медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы керек. Egov.kz арқылы қашықтан мектепке немесе сыныпқа ауысу жөнінде өтініш те беруге болады.

Ескелді аудандық білім бөлімі