Журналистер арасында «Nur Suńqar» республикалық конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

1. Журналистер арасындағы «Nur Suńqar» республикалық конкурсы (бұдан әрі — Конкурс) «Nur Otan» партиясының (бұдан әрі — партия) қызметі мен жаңғыруы туралы тұрғындардың хабардарлығын арттыру, журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және ынталандыру, сондай-ақ журналистік қоғамдастықты елдегі саяси, экономикалық, рухани жаңғыруды, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы, Бес әлеуметтік бастамасы мен бағдарламалық құжаттарындағы өзекті міндеттерді жария етуге тарту мақсатында өткізіледі.
2. Конкурстың міндеттері:
— партия мен БАҚ өкілдері (бұдан әрі — БАҚ) арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту;
— журналистердің назарын партия қызметін және жаңғыруын, сондай-ақ жаңа партиялық жобаларды жария етуге аудару;
— «Саяси, экономикалық және рухани жаңғыру», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыптарын жария етуге журналистердің назарын аудару;
— партияның бағдарламалық құжаттарының іске асуы туралы Қазақстан жұртшылығының хабардарлығын арттыру.
3. Жеңімпаздарды анықтау мен сыйлықтарды беру Конкурстық комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.
4. Комиссия құрамына партия Саяси кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партияның Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіре алады.
5. Конкурстық комиссия сыйлыққа үміткерлерді және диплом мен құнды сыйлықтарды алушыларды таңдау кезінде келесі өлшемдерді басшылыққа алады;
— материалдардың обьективтілігі;
— қозғалған проблема мен оны шығармашылық талдау тереңдігі;
— материалдар тудырған қоғамдық пікір;
— жұмыстың шығармашылық сапасы.
6. Конкурстың өткізілуін үйлестіру.
Конкурстың өткізілуін үйлестіру Конкурсты ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеліп, оның құрамын партия Төрағасының Бірінші орынбасары бекітеді.
7. Ашықтық.
Осы Ереже конкурсқа қатысуға үміттенетін барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін БАҚ-та жарияланады.
8. Конкурс жеңімпаздарының келесі конкурсқа кем дегенде 3 жылдан кейін қатысуға құқығы бар.

2.Конкурсқа қатысу шарттары

10. Конкурстың қатысушылары.
Конкурсқа қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық қазақстандық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер шақырылады.
11.Ұсынылатын жұмыстардың тақырыптары.
Конкурсқақатысуғаеліміздіңсаяси, экономикалықжәнеруханижаңғыруына, партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларының іске асырылуына, ҚР Тұңғыш Президентінің Бес әлеуметтікбастамасының және партия бастамаларының қоғамдық маңыздылығын түсіндіруге арналған, сондай-ақ, жастар саясаты мен партия, оның филиалдары, барлық деңгейдегі мәслихаттары, бастауыш партия ұйымдары туралы материалдар қабылданады.
Материалдар әртүрлі жанрларда қабылданады: очерк, сұхбат, мақалалар, телевизиялық және радиохабарлар, әлеуметтік зерттеулер мен басқа да 2019 жылғы 1 қыркүйек — 2020 жылғы 18 маусым аралығындағы кезеңде жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдары мен хабарлар.
12. Конкурсқа ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдың ксерокөшірмесі түрінде (басылым атауы, күні мен автордың толық байланыс мәліметтері көрсетіліп) ұсынылуы тиіс.
Аудиовизуалдық жұмыстар телевизиялық бағдарламалардың көшірмесі түрінде эфир анықтамаларымен бірге (cd/dvd дисклер, flash-таратушыларда) ұсынылуы тиіс.
Электрондық БАҚ журналистері интернет-сайтта орналастырылғанын растап, жарияланған материалдарының көшірмесін жолдауы қажет.
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.
Ұсынылған материалдарға міндетті түрде: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3×4 см. фотосуреті, ақпараттық материалдардың тізімі қоса берілуі тиіс.
13. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар саны.
Бір журналист 5 материалдан артық ұсына алмайды.
14. Конкурсқа материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2020 жылғы
18 маусым, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 23.00 дейін (алу күні).
Жұмыстар Ұйымдастыру комитетіне хабарламада мерзімі көрсетілген күннен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Конкурс тақырыбына, ұсынылған талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ, мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді, Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.

3.Конкурсты өткізу кезеңдері

15. Алдын ала кезең.
Республикалық және жергілікті БАҚ-та конкурс өткізу және оған қатысу талаптары туралы хабарландыру жарияланады.
16. Конкурсты өткізудің негізгі кезеңі.
Конкурстық материалдар конкурстың Ұйымдастыру комитетіне 2020 жылғы 18 маусымды қоса алғанға дейін жіберіледі. Конкурстық өтініштерді қарау регламентін Конкурстық комиссия анықтайды. Конкурстық комиссия өз жұмысының қорытындысы бойынша конкурс лауреаттарын айқындайды.
17. Қорытындыларды шығару.
Жеңімпаздарды жариялау келесі тоғыз номинация бойынша конкурстың жалпы қорытындысын шығару аясында жүргізіледі:
1) «Телеарна үздігі» – үздік телевизиялық журналист;
2) «Ұшқыр қалам» – үздік газет журналисі;
3) «Үнжария» –радионың үздік журналисі;
4) «QazNetүздігі» – интернет басылымның үздік журналисі;
5) «Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал»;
6) «Елбасы салған сара жол» – Елбасы қызметін үздік жарыққа шығарғаны үшін;
7) «Блогосфера үздігі» – әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;
8) «Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін»;
9) «Бізбіргеміз» – волонтерлікжұмыстуралыүздікжарияланым.
18. Осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген әр номинация бойынша жеңімпаз жеке табыс салығын есепке алмағанда 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде«Nur Suńqar» сыйлықақысымен марапатталады.

4.Конкурстық материалдарды бағалау мен іріктеу рәсімі

19. Конкурс материалдарын бағалау кезінде келесі критерийлер: белгіленген тақырыпқа сәйкестігі, жаңалығы, талдау тереңдігі және мәселені ашу дәйектілігі, нақтылығы және логикалық негізділігі, стилі, баяндау тілі, техникалық сапасы, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, жарияланымда және аудиовизуалды жұмыста жазылған ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы, журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі, сыртқы безендірілуіназарға алынады.

5.Ұйымдастыру комитетінің құқықтары, міндеттері

20. Ұйымдастыру комитетінің келесі міндеттері бар:
— барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
— конкурсты өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
— конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеу.

6.Конкурстық комиссияның құқықтары, міндеттері

21. Конкурстық комиссияның келесі құқықтары бар:
— конкурсқа келіп түскен материалдарды бағалау;
— жеңімпаздарға сыйлықтар беру арқылы конкурстың қорытындыларын шығару.
22. Конкурстық комиссияның келесі міндеттері бар:
— барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
— конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеу.
Конкурстық комиссияның мүшесі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
23. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып табылады.
24. Конкурстық комиссия отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік дауысымен тиісті шешім қабылдайды.
25. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беруі кезінде дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

7.Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

26. Конкурсқа қатысушылардың келесі құқықтары бар:
— конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алу;
— Ұйымдастыру комитетіне осы Ереженің тармақтарын түсіндіру үшін жүгіну;
— конкурсқа қатысу үшін материалдарды жіберу.
27. Конкурс қатысушыларының келесі міндеттері бар:
— Конкурс мәнімен алдын ала танысу, конкурсқа қатысуға қойылатын талаптарды зерделеу;
— осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген материалдарды уақтылы ұсыну;
— осы Ережеде көзделген шарттар мен рәсімдерді сақтау.
28. Конкурс қатысушылары конкурсқа қатысуға жіберілмейді:
— материалдардарда көрсетілген ақпараттың дәйектілік талаптарын бұзғаны үшін;
— осы Ережемен бекітілген талаптар, ережелер мен рәсімдерді сақтамағаны үшін.

8.Медиа-ресурстар

Конкурсты ақпараттық сүйемелдеуді партиялық медиа-ресурстар, ақпараттық серіктестер қамтамасыз етеді.

9.Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

Материалдарды конкурстың Ұйымдастыру комитетіне мына электрондық мекен-жайға жіберу қажет: nursunqar2020@nurotan.kzнемесе
8 776 777 09 22 нөмірі бойынша Сеит Айшолпанға хабарласыңыз.