Вирустың таралу қаупі мен адам өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды.

Өзгерістер ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
? Енді қазақстандықтар ХҚКО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.
? ХҚКО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
? Бұл азаматтардың ХҚКО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.
? Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚКО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.
? Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚКО операторлары кеңес беретін болады.
? Айта кету керек, карантин жарияланғалы бері маңғыстаулықтар egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше онлайн түрде сегіз мыңнан астам мемлекеттік қызметті алған.
? Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚКО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚКО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Дауленбекова Назира