Еңбек адамды өсіреді, мақсатына жетелейді, қанаттандырады!

Әрбір істің өзіне тән қызығы мен қиындығы болады. Тігін өнері адамды шыдамдылыққа, икемділікке, жауапкершілік пен тиянақтылыққа үйретеді. Бұл – көз майын тауысып істейтін шығармашылық еңбек. Өзім тіккен бұйымдарыма қарасам, әрқашан көңіліме қуаныш сыйлайды. Тапсырыс берушілердің алғысы, ризашылығы мен жылы лебізі мені шабыттандырады. Көпшілік қауым қыз жасауына, ұлттық нақыштағы қазіргі заманға сай қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген бұйымдарға көп тапсырыс береді, – дейді қолөнер шебері.

 Бүгінгі кейіпкеріміз Жетісу облысы Ақсу ауданының тумасы Карипжанова Гульнар. Көп балалы отбасында дүниеге келген, Ескелді ауданының тұрғыны Гульнар, бүгінгі таңда жолдасы екеуі ескірген жиғазды жаңартып, құрақ құрап тігіншілікпен айналысуда. Тігінші – матаны кесіп, бөліктерін аяқталған үлгіге қосатын адам. Тігін дегеніміз –тұнып тұрған математика. Себебі, дәлдік, есеп, теңдік керек. Тігіншілер тігін фабрикасында, ательеде жұмыс істейді.
  Олар әртүрлі киім тігеді. Ол барлық операцияны орындауға қабілетті. Тігінші – шығармашылық мамандық иесі. Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі. Ертеден өзінің өміршеңдігін жоймай келе жатқан мамандықтың түрі — тігіншілік. Мұны біреулер өнер десе, енді бірі шығармашылық жұмыс ретінде қарайды. Екеуіне де келісуге болады. Себебі тігін тігу үшін де ептілік, үйлесім, шеберлік, шыдам керек. Қарапайым ғана мысал, түймең түсіп қалса, оны кез-келген адам ине мен жіпті сабақтап іле салады. Бірақ нағыз маманның қолынан шыққан дүние бәрібір көзге әдемі көрініп тұрады.

Гульнар Карипжанова — жас тігінші. Кішкентай кезінен мата қиып, қолөнермен айналысуды жаны қалайтын ол бүгінде сүйікті ісін кәсібіне айналдырған. Салт-дәстүріміз бен өнерімізді дәріптеп жүрген қолөнер шебері халқымыздың ұлттық киімдерімен қоса, түрлі оюмен өрнектелген көрпе тігеді. Кейіпкеріміздің айтуынша, қолөнер, тігіншілік — бүгінде табысты бизнестің бірі. Өйткені, қазір қолдан жасалған бұйымдарға сұраныс артқан. Қолөнерді жанына серік еткен Гульнар бұл іске бала кезінен әуес болған.

«Шебердің қолы алтын», – дейді атам қазақ. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтарының бірі – оның қолөнері. Сіз не дейсіз?

Қазақ халқымыз қашаннан он саусағынан өнер тамған ісмер жандарға кенде емес. Адам қолынан келмейтін дүние жоқ. Жасаймын, құрастырамын, үйренемін деген ниет болса болғаны. Біз бұл салада жолдасым екеуміз біргеміз. Ол кісі жаңағы жиғаздарды жаңартып, өңдеп берсе, мен маталарын тігіп беремін. Оған қоса заказдар түсіп жатса, қыз жасауын да жасаймыз. Құрақтардың үлгісін отбасымызбен бірге құраймыз. Жаңа дүние ойлап тапқанды жақсы көреміз. Бүгінде көп қой тігіншілер. Ұқсамасын деген ниетте жұмыс жасаймыз.

Сіз шеберхананы жүргізгеннен бөлек, әйелдерге тігін ісін үйретесіз! Ақысыз үйреткеннен сізге тиер пайдасы қалай?

Біз жасаған жақсылығымызды жария жасамаймыз. Сізге кім айтты білмеймін. Қолымда бар дүниені кімнен қызғанайын. Қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Білгеніммен бөлісемін. Ұнатып, үйреніп жатқандар менімен бірге табысын тауып, дамып жатады. Кейбіреуі менен де жақсы тігіп жататындары да аз емес. Ұстаздан шәкірт озар деушімеді. Одан қазіргі таңда  әлеуметтік кәсіпкерлік деген трендтке айналып барады. Жағдайы жоқ адамдарға кішкене болсын бір мүмкіндіктер пайда болуда. Мені өзім әлеуметтік санатқа жатамын. Өйткені көпбалалы анамын. Алайда ешкімнен ештеңе сұрамаймын, сауатты болған соң қалай жұмыс істеу керегін және баланы қалай тәрбилеу керегін де білемін.

Бұл өнермен айналысу кезінде отбасыңызға, жұмысыңызға кедергі келмей ме?

Көрпе құрақтарын үйден құрап жасаймын. Отбасымның жанында болғандықтан, олар барынша қолдап, қолдарынан келгенше көмектесіп тұрады. Балаларым әлі кішкентай, кейде көрпе тігуге уақыт тапшылығы да болады, әрине. Кейбір түрлі кедергі болғанымен, бірақ бәрібір сүйікті ісіңмен айналысқанға ештеңе жетпейді. Ісімнен ләззат аламын…

Ісмер-тігіннің қандай қиындығы мен қызығы бар?

Кез келген істің қызығы мен қиындығы болады. Көрпе тігу, оның ішінде құрақ көрпені тігу үшін аса сабырлық қажет. Себебі ұсақ мата қиындыларынан кереметтей бір туынды жасап шығу – нағыз өнер. Бастапқыда тәжірибем аздау болғандықтан, маталарды дұрыс қимай, құрақтарым қисықтау болып сәл қиналған кездерім де болды. Сонда да іштей тігуге деген қызығушылық мені алға жетелеп тұратын. Бірақ бәрі де уақыт өте келе түзеледі, тәжірибе жинақтайсың дегендей… Құрақ құрауда ең қызық әрі күтетін нәрсе – тапсырыс берушінің алғыс білдіруі. Қанша еңбектеніп әзірлеген көрпең сәтті аяқталып, тапсырыс берушіге ұнаса және оның алғысын алу қуаныш сезімге бөлейді.

 Қазір құрақ тігіп жатқандар қатары көп, дегенмен сіз жасаған бұйымдардың ерекшелігі қандай?

Құрақ тігу оңай жұмыс емес. Оның математика жағын білу керексің. Өлшемі жақсы шығу үшін бәрін дұрыс есептей білу керек. Кейбір тігіншілер дұрыс есептей білмегендіктен, оюдың бір ұшы кем түсіп, қисық болып кетіп жатады. Бұйымды тігіп жатқанда оның әр бөлшегінің ұсақ-түйегіне дейін өлшеммен, әдемі үйлесімде болуына мән беремін. Егер бірдеңесі дұрыс болмаса ол адамды тартпайды. Оның үстіне халықаралық көрмелерге қатысып тұрамын. Ондағылар шұқылап бір ескерту айтқан сайын соны ескеруге тырысамын. Ол неге олай айтты екен деп, өзімді қамшылай түсемін. Түс таңдауға да үлкен мән беремін. Яғни қандай зат жасасам да оның түсі, технологиясы, дизайны, орындау сапасының сапалы болуын қадағалаймын. Соңында әдемі етіп фотоға түсіремін. Оны әлеуметтік желіде пост жазғанға пайдаланамын.

Шеберханаңызды көркейту үшін кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларға қатысып отырсыз ба?

Қатыстым, алдым. 1 478 000 мың гранттың жеңімпазымын. Құрақ құрау кәсіппен емес, жиғаз өңдеумен қатыстым. Себебі біздің ауданда жиғаз өңдейтін цех жоқ, бізден басқа. Мемлекеттің қолдауы жақсы. Жұмыс жасаймын дегендерге қолғабыс. Он жыл жұмыс жасап, мұндай қолдау көрмеп едік, былтыр алдық. Алған грантымызға тігін машинасын алып, біраз тұрғындарды жұмыспен қамтып отырмыз. Қазіргі таңда қолыңнан келетін істі бастаймын десең, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдаулары аз емес. Сондай-ақ жаңадан кәсіп бастаймын немесе кәсібімді одан әрі дамытамын деген жандарға мүмкіндік те көп. Мұндай мемлекеттік жобаға алғысым зор.

 Ісмерлікпен айналысам деушілерге қандай кеңес берер едіңіз?

Ісмерлікпен айналысқысы келген жандарға айтарым, ең алдымен тәжірибе жинақтау және қорықпай бастап кету керек. «Әрекетке – берекет» дегендей, Жаратушы ие береді қалаған нәрсені.

 Алда қандай жоспарларыңыз бар?

 «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, болашақта өзімізге жеке жиғаз цехын ашқымыз келеді. Жиғазбен ғана тоқталмай, құрақ құрау өнерімізді де тоқтатпаймыз. Қазақ халқында ісмерлік – ұшы-қиыры жоқ өнер. Қазақы ұлттық нақышты дамыту әрбір қазақ аруының қолынан келетін нәрсе деп ойлаймын. Сол арқылы тынбай еңбек етіп, оның нәтижесін көру бір бақыт!

Дайын өнімдерді қалай және қандай жолмен  өткізесіз?

Бұл кәсіппен айналысып жүргеніме 10 жылдай уақыт болды. Аллаға шүкір, табыс тауып жүрміз. Көбінесе адамдар Instagram әлеуметтік желісі арқылы тапсырыс береді. Әзірлеген көрпелерімді парақшама жариялап отырамын. Қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы жасаған дүниелерді халыққа көрсетіп, таныту керемет мүмкіндік болып тұр. Клиент желі арқылы көріп, таңдап өзі хабарласады. Бұрынғыдай қиналып, уақытты базарда өткізіп, дүкендерде тұрмай-ақ сатуға болады. Бүгінде онлайн саудамен кез келген жерде айналысу мүмкіндігі бар. Тек интернет болса жеткілікті.

Тігіншіде қанша мамандық бар?

Тігінші — бірнеше мамандандырылған мамандық. Мысалы, былғарыдан немесе теріден, жоғарғы немесе жеңілден жасалған киім, шляпалар немесе жұмыс киімдер. Таңдаған мамандығына байланысты, тігінші өз дағдыларын жетілдіреді. Кейбір шеберлер бірнеше мамандықты біріктіреді, егер олар өз жұмысын жақсы көреді. Кез-келген мамандықтағыдай, тігіншілердің қолөнер шеберлігі неғұрлым табысты болса, соғұрлым көп күш пен уақыт жұмсалады.

Жұмысқа қажетті қасиеттерге тоқталып өтсеңіз…

Тігінші әр түрлі болуы қажет негізгі сапасы — табандылық. Өйткені, шебер бірден туылмайды. Ол қиын жұмыс арқылы ғана келеді. Сонымен қатар, осы мамандықтың өкілі адамдарға сұлулық сыйлау үшін көркемдік дәмі болуы керек. Кескін кеңістігі қожайынға үлгі ұсынуға көмектеседі, себебі ол клиентті қанағаттандырады. Тігінші қолының қозғалысы жылдар бойы жасалады. Сондықтан олар шебердің ісін қорқады деп айтады. Денсаулықты көру және омыртқасыз ету, әрине, әуе тәрізді тігіншіге осындай қиын жұмыс барысында болатын ауыртпалықты физикалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажет.

Тігінші білу тиіс: 
— тігін бұйымдарын орындау технологиясы мен оның ассортиментін, әйелдер мен ерлердің сырт киімдерін және әйелдер мен балалардың жеңіл киімдерін еңбекті ұйымдастырудың прогрестік нысандарын есепке алып осы замандық тәсілдермен орындау; машина, қол және үтік жұмыстарын орындаудың әдістері мен тәсілдерін, нормативтік – техникалық құжаттарды тігін материалдары мен олардың қасиетін дайын киім бұйымдары бөліктерінің құрылысы мен атқаратын қызметін, өлшем алу тәсілдерін, ұлттық киімдер тарихы мен олардың осы замандық ұлттық киімдер дайындаудағы рөлін; 
— тігін бұйымдарының өңдеу технологиясын; мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; өнім нормасын, еңбек ақы жүйесі мен құнын; композициялық заңдылықтарды, дене мүсіні мен ансамблдің тұтастық шешімдерін; еңбекті ұйымдастырудың осы замандық тәсілдерін, экономика, еңбек және өндіріс негіздерінің, еңбек қорғаудың нормалары мен ережелерін; кәсіптік этика ережелерін, әртүрлі жабдықтар мен құрал- саймандарды. 
— Нарықтық экономика туралы, оның дамуына мемлекеттің әсерін, кәсіптік әрекеттің түрін; өндірісті, олардың энергетикалық ресурстарын қолдануды және бөлуді, еңбек қаіпсіздігінің ережесін, менеджемент және маркетинг функцияларының негізін, сызудың тезникасын, қоршаған ортаның ережесін және экономикалық талаптарын, арнаулы жұмыс түрлерін орындаудағы қорғаныс түрлерін және технологиялық операцияларды.

Тігінші пайдалана білуі керек: 
— Жеке тапсырысқа сай тігін бұйымдарын дайындаудағы барлық жұмыстар түрін орындай білуді: ұлттық киімдерді тігін көркемдеуді; киімді жаңғырту немесе қалпына келтіру жұмыстарын; киімдік маталардың қасиеті мен арналымына байланысты техникалық сауаттылық пен бұйым бөліктерін өңдеудің тәртібі мен тәсілдерін таңдауды. 
— Тігін бұйымдарын дайындауда тігін жұмыстарының барлық түрлерін технологиялық талаптарға сай орындау; дайын тігін бұйымдардағы пішім сапасы, киімді жаңғырту мен қалпына келтіруді, жабдықтардың жағдайын тексеруді; жаңа озық үлгідегі осы замандық киімдердегі стильдік жан – жақтылығын ұғынуды. 
— Эксперименттік және шығын есептерін шешуді; киімнің сәндік модельдерінің эскизін жасауды, компьютерлік кестені орындауды, өз кәсібіне сай жалпы кәсіптік циклден алған білімін іс жүзінде.

Кәсіпті қалай меңгеру

Тігінші – бұл арнайы орта білімді адам. Мұндай мамандықты біздің колледжден алуға болады. Бұл кәсіпті оқудағы ең бастысы – оқу үдерісінің маңызды бөлімін құрайтын практика болып табылады.
  Әңгімеңізге рахмет.

Диана Дауренқызы