АУДАН БАСШЫСЫ ХАЛЫҚПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АРҚЫЛЫ ТІЛДЕСТІ

Елімізде орын алған төтенше жағдайға және облыс аумағындағы карантин режиміне байланысты барлық ресми іс-шаралар мен қоғамдық қабылдауға тыйым салынған болатын. Осы орайда аудан әкімі Рауан Ракымбеков өзінің жеке @rauan_rakymbekov инстаграм парақшасында сағат 12:00-де тұрғындарға тікелей эфирде қабылдау жүргізді.
Тікелей эфир барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Көпшіліктің аудан басшысына қойылған сұрақтың басым бөлігі 42500 теңгені алу, әлеуметтік көмектерге қатысты сұрақтар көп болды. Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, басым көпшілігіне нақты жауап берілді. Сондай-ақ, аудан басшысы кейбір маңызды сұрақтарды өзінің жеке бақылауына алды.
Айта кету керек, алдағы уақытта да азаматтардың мұң-мұқтаждарын тыңдау мен сұрақтарына жауап беру мақсатында әлеуметтік желілерде тікелей эфир ұйымдастырылатын болады.