ЖАРҚЫН КҮНДЕРГЕ ДЕГЕН СЕНІМ

Елімізде ғана емес, бүкіл әлемге тараған індеттің әсерінен орын алып отырған қиын кезеңде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың елді сабырға, байсалдылыққа шақырған «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы әр қазақстандықтың жүрегіне жылылық ұялатып, болашаққа деген сенімін арттыра түсті. Елбасы қоғамның әр сатыдағы мүшелерін қиын кезеңде бірлесуге шақырды. Аға ұрпақ пен зиялы қауым мүшелеріне, жас ұрпаққа, кәсіпкерлерге арнайы сөзін арнады.
Елбасы өз сөзінде ел бірлігі сынаққа түскен осы күндерде бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан» арылып, ширыға, шыңдала түсуіміз керек» екенін атап көрсетті. Ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылардың өтірік сөздеріне сеніп, ел шырқын бұзбауға шақырды. Мақаланы оқыған еліміздің әр азаматы осы бір қиын шақта өзінің жалғыз еместігін сезініп, болашаққа бағдар алды деп ойлаймын. Ел бірлігінің арқасында біз бұл қиындықты жеңіп, жарқын күндерге оралатынымызға сенімім мол.
Д. ҚЫДЫРМАНОВА,
Ақын Сара ауылдық округінің
«Балапан» балабақшасының меңгерушісі.