🔶️Бақтыбай ауылдық округінде Бақтыбай орта мектебінің ұжымымен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Басқосуға Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы, Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Оспанов Жанат Тәңірбергенұлы, Егінбаев Ермек Молдақұлұлы аудандық мәслихат депутаттары Дюсенбинов Айдын Қасымұлы және Нұғманов Ерғали Байоразұлы қатысты.
🔷️Кездесу барысында Ескелді ауданы бойынша «Жол картасы» аясында 2023–2025 жылдары атқарылған жұмыстар кеңінен таныстырылды. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
🔹️Сонымен қатар, мектеп ұжымы өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көтерілген сұрақтарға тиісті түсіндірмелер беріліп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың бағыттары нақтыланды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ұстаздар қауымы мен халық қалаулылары арасындағы өзара байланыс пен сенімді нығайтуға мүмкіндік берді.