Көксу ауылшаруашылық колледжінің ұжымымен маңызды кездесу ұйымдастырылды

Басқосуға Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы, Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Оспанов Жанат Тәңірбергенұлы және Егінбаев Ермек Молдақұлұлы қатысты.


🔷 Кездесу барысында Ескелді ауданы бойынша «Жол картасы» аясында 2023–2025 жылдары атқарылған жұмыстар кеңінен таныстырылды. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
🔹 Сонымен қатар, колледж ұжымы өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көтерілген сұрақтарға тиісті түсіндірмелер беріліп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың бағыттары нақтыланды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ұстаздар қауымы мен халық қалаулылары арасындағы өзара байланыс пен сенімді нығайтуға мүмкіндік берді.