АУДАН БАСШЫСЫ АЗЫҚ- ТҮЛІК ДҮКЕНДЕРІН АРАЛАДЫ

Өткен аптаның жексенбісінде аудан басшысы Рауан Рақымбеков аудан орталығындағы азық-түлік дүкендерін аралап көрді.
Рауан Тұрданғазыұлы сауда орындарының сөрелерінде өнімдердің бар-жоғын тексеріп, олардың бағасымен танысты. Дүкендерге кіріп, азық-түлік бағаларын білгеннен кейін, ең қажетті тамақ өнімдерінің бағасы еш негізсіз өспеуі керектігін айтты.
Бұл күндері дүкендердің иелері мен сатушылары санитарлық және дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтап, дүкеннің ішінде кезектердің көбеюіне жол бермейді.
Айта кету керек, бүгінде негізгі азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиімді жұмыстар жүргізілуде.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.