Кездесу барысында Ескелді ауданы бойынша 2023–2026 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар жан-жақты баяндалды. Аудан тұрғындары үшін жүзеге асырылған жобалар, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар кеңінен таныстырылды.
Жиын барысында мектеп ұстаздары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар нақтыланды.
Кездесу өзара ашық пікір алмасу алаңына айналып, білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.