Бүгін ШЖҚ «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры және Ескелді аудандық мәслихат депутаты Кұсмолданова Сауле Рыспекқызы тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қарабұлақ ауылдық округінде 2023-2026 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар туралы кеңінен баяндалды.
Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттарының білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, әлеуметтік қызметтерді дамыту, жастар арасында патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, азық-түлік бағасын реттеу, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстары талқыланды.
Сонымен қатар, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, жас мамандарды қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында өзекті мәселелерді тиімді шешу және Ескелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі ілгерілету мақсатында мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығы да атап өтілді.