БЕЙБІТ ЕЛДЕ БЕРЕКЕ КӨП

Пандемияға айналған коронавирус дертіне қарсы күреске барлығы күш жұмылдыруда. Елбасының тікелей тапсырмасымен «Біз біргеміз!» бірыңғай республикалық акциясы да бастау алды.
Аталмыш акция ауданымыздың мәрт азаматтарынан да қолдау табуда. Көкжазық ауылдық округінің әкімдігі және жеке шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен Көкжазық ауылында әлеуметтік жағдайы төмен 7 отбасыға азық-түлік таратылды.
Бейбіт елде береке көп. Асар – бірлік пен ынтымақтың, бауырмалдықтың рухани қайнар көзі. Осындай игi iс-шаралар Көкжазық ауылдық округінде әлі де жалғасын таппақ.
Б. АДЫЛҚАН,
Көкжазық ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.