⚜️ «Дюсенбинов А.» шаруа қожалығының ұжымы референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.

⚜️ «Дюсенбинов А.» шаруа қожалығының ұжымы референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Ұжым мүшелері бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңыздылығын түсініп, азаматтық жауапкершілік танытып, дауыс беруге келді. Олар әр азаматтың пікірі мемлекет дамуына ықпал ететінін атап өтіп, осындай маңызды сәтте өз құқықтарын пайдалану – әркімнің борышы екенін жеткізді.

⚜️ Ұжым өкілдерімен сұхбат барысында референдумның маңыздылығына тоқталып өтті:
«Бүгінгі референдум – еліміздің ертеңін айқындайтын маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан әрбір азамат бейжай қарамай, өз таңдауын жасап, ел дамуына үлес қосуы керек деп ойлаймыз. Біз де осы жауапкершілікті сезініп, әріптестерімізбен бірге дауыс беруге келдік», – деді ол.

«Дюсенбинов А.» шаруы қожалығы ұжымының мүшелері барша тұрғындарды референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды. Олардың айтуынша, әрбір дауыс – елдің болашағына жасалған нақты қадам.