Ескелді аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының сағат 13:00-дегі мәлімдемесі

Сағат 13:00-дегі мәлімет бойынша Ескелді ауданында референдум шеңберіндегі дауыс беру науқаны тұрақты әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Аудан аумағындағы барлық референдум учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп, дауыс беру процесі заң талаптарына толықтай сай жүргізіліп жатыр.

Ескелді аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы атап өткендей, таңертеңнен бастап аудан тұрғындары белсенділік танытып, учаскелерге келіп өз таңдауларын жасауда. Бұл – тұрғындардың ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық ұстанымдарын білдіріп жатқанын көрсетеді.

Барлық учаскелерде бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, дауыс берудің ашық әрі әділ өтуіне мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарт адамдар үшін арнайы жағдайлар қарастырылған.

Қазіргі уақытқа дейін заң бұзушылықтар мен шағымдар тіркелген жоқ. Дауыс беру үдерісі жалғасып жатыр.