Жаңа Конституция бірліктің кепілі екенін түсініп, белсенділік танытып, көпшілікке үлгі болған отбасылар да бар. Соның бірі, Тасыбаевтар әулеті, ортақ шаңырақтан 40 ға жуық мейман келіп, дауыс беруде. Көш басында, немере-шөберелерін жетектеп келген Күлбағира анамыз. 11 баланы өмірге әкелген алтын алқа иесі, бүгінде 88 жасқа табан тіреген. Осы күні 31 немере 42 шөбере сүйіп отыр. Тәрбиелеген ұл-қыздары әр салада еңбек етіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүрген азаматтар.
Айта кетейік, бүгін №147 сайлау учаскесінде 500-ден аса тұрғын өз таңдауын жасап, Референдумның маңыздылығы туралы пікір алмасып қайтты. Бұл – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын халықтың жауапкершілігі. Осындай ынтымақ пен бірлік бар жерде ел дамуы қарқынды болары рас. Қазіргі таңда Балпық ауылдық округі жақсы дамып келеді. Жылдан-жылға су жаңа нысандар бой көтеріп, жұмыс орындары көбейіп жатыр. Жастардың саны да кем емес, керісінше туған жерге ту тігемін дейтін өскелең ұрпақ жетерлік.
- Округ бойынша тұрғындар саны — 2069
- № 147 учаскесінің сайлаушылар саны – 723
- Дауыс беру уақыты сағат – 11:00
Қосымша ақпарат үшін:
Қаратал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі: 8 747 964 59 04