Әжелер ансамблінің мүшелері ұлттық киімдерін киіп, референдум учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Ұлттық дәстүр мен бірліктің символына айналған әжелердің бұл қадамы тұрғындарға ерекше рух берді.

Ансамбль мүшелері аудан тұрғындарын референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды. Олардың айтуынша, әрбір азаматтың пікірі маңызды және әр дауыс елдің, ауыл мен өңірдің болашағына әсер етеді.

«Әрбір азаматтың пікірі маңызды, – деп бөлісті ансамбль мүшелері. – Біз бүгін ұлттық киіммен келіп, жастарға үлгі көрсетіп, барша тұрғындарды өз таңдауын жасауға шақыру үшін арнайы келдік. Себебі елдің болашағы – әрқайсымыздың қолымызда».

Осындай бастамалар қоғамда азаматтық белсенділікті арттырып, елдің ертеңіне деген жауапкершілікті күшейтеді. Сондықтан барлық тұрғындарды референдумға қатысып, саналы түрде шешім қабылдап, өз құқықтарын пайдалануға шақырамыз