Ескелді ауданы аумағындағы №117 референдум учаскесіне 87 жастағы қария арнайы келіп, өз дауысын берді. Ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, учаскеге келіп дауыс беруі – үлкен жауапкершілік пен азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі.
Қария белгіленген тәртіп бойынша бюллетень алып, дауыс беру жәшігіне салып, өз таңдауын жасады. Жасы ұлғайғанына қарамастан, ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық міндетін орындауға келуі көпшілікке үлгі болды.
Учаскедегі комиссия мүшелері қарияға қажетті жағдай жасап, дауыс беру рәсімінің талапқа сай өтуін қамтамасыз етті. Мұндай сәттер үлкен буын өкілдерінің ел тағдырына әрдайым бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Қарияларымыз аман болсын! Олардың ақ батасы мен өмірлік тәжірибесі – кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге.