️КЕЛЕЛІ КЕЛЕШЕККЕ БАСТАЙДЫ

📌Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының және облыстық колицияның өкілдері ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Есбай, Ғалиасқар Сарыбаев, Арыстанғали Арын Ескелді ауданына қарасты М. Байысов ауылындағы Рүстембеков атындағы орта мектептің еңбек ұжымен кездесті.

🔹Кездесуде алғысөзді алған Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, Конституциялық реформа халықтың саяси процеске қатысуын кеңейтіп, заң үстемдігін нығайтуға мүмкіндік береді. Егер Парламенттің рөлі күшейіп, жергілікті өзін-өзі басқару дамыса, бұл демократиялық қағидаттардың тереңдеуіне әсер етеді.

– Бүгінгі кездесу – әрқайсымыз үшін маңызды. Біз алдағы референдум арқылы Конституцияға енгізілетін өзгерістердің қоғам өміріне қалай әсер ететінін түсінуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік аламыз. Әр пікір, әр ұсыныс – біздің ортақ мақсатымызға, әділетті және тең қоғам құруға үлес қосады, — деді спикер.

🔹Ал, Амангелді Есбайдың сөзінше, Конституциялық реформа халықтың саяси процеске қатысуын кеңейтіп, заң үстемдігін нығайтуға мүмкіндік береді.

– Құжаттың өзегінде – адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен жеке жауапкершілігі қарастырылған. Дәстүр, бірлік пен рухани құндылықтар қоғамның орнықты дамуының негізі ретінде айқындалған. Конституция жобасында мемлекеттің зайырлы сипаты, сонымен бірге некенің ер мен әйелдің тең құқықты, ерікті одағы ретінде танылуы нақтыланған. Бұл – отбасы институтын, әйелдердің құқықтарын және ұрпақтар сабақтастығын қорғауға бағытталған маңызды норма, — деді ол.