📌 Бүгін Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін қоғамның белсенді бөлігі саналатын спорт саласы өкілдеріне жан-жақты жеткізу мақсатында кездесу өтті.
⤵️ Кездесуге «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы, аудандық коалиция мүшесі Саскебаев Азамат Ержанұлы, аудандық мәслихат депутаты, аудандық коалиция мүшесі Мейрбекова Раушан Білісбекқызы және Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы, аудандық коалиция жетекшісі Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы қатысты.
📎 Жалпыұлттық коалиция мүшелері Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге бағытталғанын атап өтті.
📎 Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған.
✅ Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.
