📌 Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылы «Иманғалиев Т» шаруа қожалығының еңбек ұжымымен Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Жиында ұсынылған өзгерістердің ел болашағына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына әсері жан-жақты айтылды.
⤵️ Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы, аудандық коалиция жетекшісі Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы қатысты.
📎 Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, сот және құқық қорғау жүйесін нығайтуға, адами капиталды дамытуға және гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғаны атап өтілді.
✅ 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.