«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.Отырыста «AMANAT» партиясының Жетісу облысы бойынша 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы қаралды.Атап айтқанда, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, облыстық құрылыс басқармасының, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының есептері тыңдалды.