МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУ ЖЫЛДАМ, ӘРІ ЫҢҒАЙЛЫ

Мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мәселесінің өзектілігі — мемлекеттік қызмет барлық саланы және адамның бар тіршілік қызметі кезеңін қамтитындығында. Мемлекеттік қызмет алу жылдан жылға артып отыр. Аталған салаға деген қызығушылықтың артуы бұл саланы заңнамалық деңгейде реттеуге әкелді.
Мемлекеттік органдарда және мекемелерде бизнес-процестерді жақсарту мақсатында ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. Бұл шешім қабылдауда әділетсіздікке жол бермеуге мүмкіндік береді, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет алуды автоматтандыру жұмысы жалғасуда, мемлекеттік органдар қызметі нәтижесінің маңызды көрсеткішін түзеу және шешімді әзірлеу кезеңінде алынған ақпарат пайдалану үшін мемлекеттік қызметті тұтынушымен кері байланыс жүйесі құрылды.
Мемлекет қызмет алу үшін арыздар процедураларын жеңілдету мақсатында көптеген мемлекеттік қызмет алуға өтініш беруге www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды өтінім беру қарастырылған. Аталған қызмет барлық ЭСҚ бар интернет қолданушыларға қолжетімді.
Қазақстан Республикасының электронды үкімет порталы – бұл электронды түрде сервистер мен қызметтер ұсынатын және мемлекетті қызмет туралы қажетті ақпарат алуға қолжетімді ақпараттық-анықтамалық және интербелсенді веб-портал болып табылады.
Электронды үкіметтің www.egov.kz порталы үкімет пен жергілікті билік органдары қызметі тетігінің, азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсетуге бағдарланған және мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары біріктірілген ақпаратын пайдалана отырып, ақпараттық технологияны пайдалану жобасы.
Порталдың әрбір кіші бөлімінде мемлекеттік қызмет алуға қатысты жалпы сұрақтар және кіші бөлімдердің тақырыптарына көмекші ақпараттар бар пайдалы материалдар орнатылған.
Мемлекеттік қызмет алуға электронды өтінім беру үшін ЭҮП бойынша сілтемеге кіру қажет. Бұдан әрі ЖСН арқылы пайдаланушының жеке кабинетіне кіру іске асырылады. Қызметтер бөлімін таңдау бөлігінде қажетті тармақ таңдалады. Бұдан әрі барлық әрекеттер нұсқауға сәйкес рет-ретімен орындалады.
Қызметті «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы алудың артықшылығы: өкілетті органдар бойынша қажетті құжаттар жинау қажеттілігінің болмауы, кезектің болмауы, өтінішті кез келген уақытта бере алатын мүмкіндігіңіздің болуы.
Ринат БЕКБОЛҒАНОВ,
аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы.