БОС ОТЫРҒАНША — БОС ЖҰМЫС ІСТЕ

Бүгінде желілік (сетевой) маркетингтің не екенін білмейтін адам кемде-кем шығар. Екінің бірі бұл жүйемен таныс екені белгілі, әсіресе қыз-келіншектер қауымының «Орифлейм», «Мэри Кей», «Эйвон» сынды компаниялармен бизнесі көпшілік арасында танылып қалды.
Желілік бизнестің берері көп. Ал біздің осы желілік бизнеске көбіміздің көзқарасымыз негізінен нашар екенін жасырмаймыз. Неге деген де сұрақтар туындайды. Өйткені, ол біздерге түсіндірілген жоқ. Біз желілік маркетингті қаржылық пирамидамен шатастырып жатамыз. Қаржылық пирамида ақшаны жинайды, бірақ олар сізге зат бермейді. Бұлар тауар ретінде ақша алады. Алдымен өзі кіріп, артынан жаңа адамдарды тарту арқылы табыс табады. Бірақ ең соңында бөлініп кеткеннен кейін ақша жеткізе алмағаннан құлайды.
Ал желілік маркетингте сіз тауарлар ала аласыз. Сіз, мысалы, тауарды сатып алдыңыз делік. Ол жерге бардыңыз, көрдіңіз. Сіз оны сатпасаңыз да сол тауарды тұтынасыз, бәлкім бұл сіздің бір күнгі тамағыңыз болатын да шығар. Бірақ бұл жерде сіз ешнәрседен ұтылмайсыз, керісінше барып білім аласыз және ары қарай сіздің қабілетіңіз болса, соған істетіп, жүргізуге мүмкіндігіңіз бар.
Тарихи деректерге сүйенсек, желілік бизнес 1950 жылдары Америкадан бастау алған. Бұл жердегі проблема қандай десеңіздер, жұмыссыз отырған халықты жұмыспен қамтамасыз ету екен. Ол дегеніміз, мемлекетке жұмыс істейтін адамдар бар, мемлекеттік емес және жұмыс істемейтін адамдар бар. Осы адамдар бос отырмасын, ең болмаса өз тамақтарын өздері тапсын деген мақсатта мемлекеттің жасаған нәрсесі. Тікелей сату, яғни дүкеннен емес.
Ол кезде қалай болады? Мемлекет қолдады. Күнделікті өзіміз тұтынатын бөтелкедегі ауыз суды алатын болсақ, дүкенде бұл судың бағасы 100 теңге делік. Бірақ өзі тұратын бағасы 50 теңге. Сосын мемлекет компаниядан суды 50 теңгеге сатып алып, үкіметтің беретін субсидиясын қосып, халықтың қолына 40 теңгеден «сатыңыз» деп береді.
Енді қарасаңыз, халықтың қолына 40 теңгеге зат түсті. Оның базардағы бағасы 100 теңге. Бұл осы 40 теңге мен 90 теңгенің арасында сатады. Мысалы, біреуі басында 40 теңгеден сатып бастаса, оны басқа біреу ары қарай 50-60 теңгеге сатады. Осылай желілік бизнес құрылады. Біреу арқылы біреуге сатады. Ал көп адамдар бар сыртқа шыға алмайтын, үйінде отыратын. Дүкенге барғанда жанағы 100 теңгеден алатын затын, біреу үйіне 90 теңгеге алып кеп берсе жақсы емес пе?
Бұл Еуропада қатты дамыған екен. Не нәрсені дүкеннен барып алғанша, желіден ала салған әлдеқайда арзанырақ және ол зат ұнамаса қайтарып беруге болады.
Сондықтан біздің желілік маркетингке деген көзқарасты түзетсе, ауылдардың өзі де жұмыспен қамтамасыз етіледі. Өйткені, желіде әртүрлі заттар бар, біреуі косметика, біреуі тағы басқа. Сосын әркім өзіне керегін сатып ала алады.
Сол сияқты қалада осындай жерлерге барып, білім алып, зат алмасаңыз да, ең болмаса араласып көру керек. Сол кезде желілік маркетинг не мақсатта болғанын көресіз. Біріншіден, жұмысы жоқ адамды жұмыспен қамтамасыз ету. Екіншіден, ақша табамын деген адамға ақша табуды үйрету. Үшіншісі, адамдарды бір-бірімен байланыстыру. Мысалы, сіз туысқан ретінде, басқа ретінде арласпасаңыз да, шет елдегі проблема осы ғой. Адамдар бір-бірімен өте аз араласады. Бір жағынан жоба осы үшін де жасалынған.
Бұл желілік бизнес сіздің 4 жыл экономикада отырып оқымаған нәрсеңізді бір айдың ішінде беріп тастайды. Сондықтан мүмкіндік бар, сондай желілік бизнестердің өткізетін семинарларына барып тыңдасаңыздар артық етпейді.
Ол жерде не үйретеді деген сұрақ туындайды. Затты қалай таныстыру керек, дұрыс сөйлеуді, сол затты адамға ұсынуды және қалай төлемді қылдырып шығаруды үйретеді.
Әрбір желілік маркетингте заңды сатпасаңыз да, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Бір затын ала салыңыз. Себебі, сіз курсқа барсаңыз, қалтаңыздан 20-30 мың теңге ақша төлегенше, 10 мың теңгеге соның бір затын алып, бірақ өткізген дәрісін тегін тыңдауға болады. Желілік маркетингтің заттары жақсы, олар затты сапалы шығаруға тырысады. Әрине, алған адам қайтадан алу үшін.
Қазіргі кезде әсіресе студенттерге интернетте бос отыр-ғанша, табыс тапқан әлдеқайда тиімді. Студент кезінде түстен кейін қолдары бос, ешкім ақша сұрап жатқан жоқ. Тауар сатып алып, мекемені жалға алудың керегі жоқ. Дайын жерге барып, бәлкім спонсорыңыз сізге 5000 теңге тұратын затты беруі мүмкін, «сатып кел» деп. Ал сатуды үйрету өзінің мойнында. Ол затты 6000 теңгеге сатып, үстінен 1000 теңге пайда табасыз. Солай жұмыс істеу арқылы тәжірибе жинайсыз. Ешкім тәжірибені тегін бермейді. Сонда бос жатқанша «бос жұмыс істе» деген негізі осындай болады.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.