ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТЕР ТЫҢДАЛДЫ

Апта басы дүйсенбіде аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық партия филиалы Партиялық бақылау комиссия отырысының жиналысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қуат Алпысбаев төрағалық етті.
Бұл отырысқа аудандық мәслихаттың депутаттары, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, партия филиалының қызметкерлері сынды жауапты азаматтар қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар:
1.Қазақстан Республикасындағы 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Көкжазық, Қайнарлы бастауыш партия ұйымы төрағаларының есебін тыңдау.
2. «2019 жыл – Жастар жылы» аясында аудандық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің атқарған жұмысы туралы баяндамасы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасындағы 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Көкжазық, Қайнарлы бастауыш партия ұйымының төрағалары Сағади Талдыбаев пен Иманали Қоқановтың есебі тыңдалды. Олар алдағы жылы атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Келесі күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни «2019 жыл – Жас-тар жылы» аясында аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Серік Жолдыбаев атқарған жұмысы туралы баяндамасын жүргізіп, 1 жыл қатарынан жүзеге асырған жастар саясатының жұмысымен таныстырып өтті.
Өз кезегінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 176 іс-шара өткізілген. Атап айтсақ, спорттық бағыт бойынша 22, мәдени бағыт бойынша 30, діни бағыттағы шаралар 32, акциялық 37, бір форум, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 34, құқықбұзушылық бойынша 20, одан бөлек «Жалын» жасақтарымен түнгі рейд жұмыстары жүргізіліпті. Сонымен қатар, орталықтың жетекшісі өз сөзінде биылғы Еріктілер жылында атқаратын жұмыстар мен бекітілген жоспарларға сай жұмыс атқаратынын алға тартты. Өткен жылғыдай бұл жыл да қызықты іс-шараларға толы болмақ.
Отырыс соңында аудандық бастауыш партия ұйымы төрағалары мен аудандық жас-тар ресурстық орталығының жетекшісіне бірқатар ұсыныстар берілді.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.