Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалары аясында аудан көлемінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараларды қорытындылап, осы жылы ұйымдастырылатын жұмыстарды саралау мақсатында әкімдіктің кіші мәжіліс залында ішкі саясат бөлімінің басшысы Асхат Оразалиновтың қатысуымен есептік кездесу ұйымдастырылды. Асхат Сағидолдаұлы Елбасының бағдарламалық мақалалары бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасап, алдағы уақытта іске асатын ауқымды істер туралы айтып өтті.
Айта кету керек, Ескелді ауданы бойынша 2019 жылы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 35 мың-ға жуық адамның қатысуымен 12 жоба іске асып, 300-ге жуық іс-шара жүзеге асырылды.
2020 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры»бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 8 жоба мен 53 іс-шара өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда жоспарға сай іс-шаралар кезеңімен өткізілуде.
Алима МҰРАТҚЫЗЫ,
Ескелді ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.