ТАСҚЫН СУҒА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында ауданда тасқын сулардың қауіпсіз өтуі бойынша кешенді шаралар жоспары жүзеге асырылуда.
Осыған байланысты аудан басшысы Рауан Рақымбековтің төрағалығымен Ескелді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және мүдделі ұйымдармен бірлесе отырып ауылдық округтер аумағында су өтетін құбырлы көпірлер мен су тасқыны қауіпті деген учаскелерге тексеру жүргізді.
Онда Ешкіөлмес ауылы мен Абай ауылының көше бойындағы су өткізу арығына ерекше көңіл бөлінді.
Мамандар тұрғындарға жеке тұрғын үйлердің аумақтарында қарды уақытылы шығару қажеттілігін және төтенше жағдайлар туындаған кезде тәртіп сақтау керектігін ескертеді. Бұл тұрғын үй секторында еріген қар суының басып кету қаупін азайтуы мүмкін.
Су тасқыны кезеңіне дайындық іс-шараларын уақытылы орындау жұмысы Ескелді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде ерекше бақылауда тұр.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.