ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Аудандық деңгейде үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ мүшелері қатысты.
Кеңес отырысында азаматтық қоғам институттарымен бірлескен жобаларды іске асыру, әлеуметтік мәселелерді шешудегі ҮЕҰ-ның рөлі және алдағы кезеңге жоспарланған шаралар талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, өзекті ұсыныстар мен бастамалар көтерді.
Кеңес қорытындысы бойынша нақты міндеттер белгіленіп, атқарылатын жұмыстардың бағыттары айқындалды.