«Кедергісіз келешек»: Қаратал ауылында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу өтті

✅Қаратал ауылдық округінің мәдениет үйінде «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында арнайы кездесу өтті.

☑️Іс-шара барысында азаматтарға заң аясында түрлі бағыт-бағдар беріліп, олардың құқықтары мен әлеуметтік қолдау тетіктері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, нысандардың физикалық қолжетімділігіне – пандустардың, арнайы белгілер мен жол көрсеткіштердің болуына, қызмет көрсету сапасына қатысты жан-жақты мониторинг жүргізілді.

✔️Кездесуге аудандық партия филиалының төрағасы Мирас Серік пен Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахат Ұзақбаев арнайы қатысып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру ортасын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, мәдениет үйінде орналасқан «Қаратал» бастауыш партия ұйымының атқарып жатқан жұмысына тексеру жүргізілді. Іс-шара барысында ұйымның партиялық тапсырмаларды орындау деңгейі, қоғамдық бастамаларға қатысуы және жергілікті тұрғындармен байланыс орнату бағытындағы жұмыстары қаралды.

🖇️Мұндай кездесулер азаматтардың мәселелерін тікелей тыңдап, нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. «Кедергісіз келешек» жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау жолындағы маңызды бастамалардың бірі.