«ОҚЫМЫСТЫ ЕЛ» АКЦИЯСЫ БІЛІМ ОШАҒЫНДА

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы, ғылымның қайнар бұлағы. Әлішер Науаи «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Денри Дидроның «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген сөзі бар. Лев Толстой өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деп пікір білдірсе, Абай атамыз «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп шегелейді.
Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты – білім, ал білімнің кілті кітапта. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Қаратал орта мектебінің 2019-2020 оқу жылында жоспар бойынша қаңтар айының 15-31 күндері аралығында «Оқымысты ел» акциясы өтті.
Акция барысында кітап-ханашылар Г.Бедельбаева және Ж.Көшемісова 3-10 сынып араларында «Сіз кітап оқығанды ұнатасыз ба?», «Вы любите читать?» тақырыбымен сауалнама жүргізіп, «Оқуға міндетті 100 кітап» атты ұсыныс тізім даярлап, бүкіл оқушыға таратты.
Сонымен қатар «Баланы кітап оқуға баулудың жолдары» атты брошюра шығарып, кіші сынып оқушыларының ата-аналарына ұсынылды. «Ұлт зиялыларының кітап оқу туралы ойлары» тақырыбымен слайд даярлап, оқушылар назарларына ұсынды.
Сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары арасында «Кітап сарқылмас рухани қазына» атты тәрбие сағаты өтіп, оған 3,4 «А» мен 3,4 «Ә» сынып оқушылары мен барлығы 58 оқырман, 50 оқушы, 8 ата-ана қатысты. Үшінші сынып оқушылары кітап туралы мағлұматтар, өлеңдер оқыса, төртінші сынып оқушылары «Кітаптар мұңы» атты сахналық көрініс қойды. Көріністе ұқыпсыз, сызып, жыртып ұстаған оқулықтар мұңы туралы көрсетті. Сонымен қатар, төртінші сынып оқушысы Сұңқар Аралбай «Кітап дәрігері» болып ескірген, жыртылған кітаптарға неден болғаны туралы диагноз қойып, оларды қалай «емдеу» керектігін айтты. Оқушыларға кітап оқудың пайдасы туралы айтылып, олар көп ақпарат алды.
Орта буын – 5,6,7 сынып оқушылары арасында «Кітап адамның рухани жан серігі» тақырыбымен әдеби сағаты өтті. Бесінші сынып оқушылары кітап туралы өлеңдер оқыса, жетінші сынып оқушылары кітап оқудың адамға пайдасы туралы айтты. Кітапханашылар оқушыларға кітаптар туралы қызықты мәліметтерді айтып берді.
Жоғары – 8,9,10 сыныптар арасында «Заманауи жас-тардың рухани құндылықтарын бағалауы» тақырыбымен дебат өткізілді. Онда тоғызыншы және оныншы сынып оқушы-лары қарсы топтар болды, яғни, «Кітап» жақтаушы топ, «Ғаламтор» даттаушы топ. Пікірталас барысында «Кітап» тобының спикерлері кітап оқуды жақтаса, «Ғаламтор» тобының спикерлері ғаламторды жақ-тады. Әр топта үш спикер қатысты. Алты спикерде өз пікірлерін еркін қорғай білді.
Дебат нәтижесін әділқазы-лар алқасы М.Үйсінбаев – оқу меңгерушісі, С.Тұрсынқұлова –әдіскер, Е.Совет – қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы спикерлердің ерекшеліктерін, кем кеткен жерлерін сараптап шығып, «Үздік топ» номинациясы бойынша «Кітап» тобын марапаттады және «Үздік спикер» номинациясы бойынша «Ғаламтор» тобының спикері Эльвира Есееваны марапаттады.
Сауалнамаға барлық сыныптар белсене қатысып, өз жауаптарын жазып толтырды. Сауалнамаға талдау (анализ) жасау барысында барлық оқу-шының кітап оқуды ұнататында-ры белгілі болды, олардың 45% кітапты жиі оқитындарын жазды.
Ал 80% оқушы көркем әде-биетті, оның ішінде – сатиралық, фантастикалық, таңғажайып оқиға туралы және фэнтези жанрларын ұнататындарын мә-лімдеді.
Қалған 20% оқушылар – спорт және спортшылар туралы, техникалық, жаратылыс-тану туралы басылымдарды оқитындарын айтты. Қорыта келгенде, жасөспірімдер кітап оқуды ұнатады деген пікірге тоқталдық.
Барлық шаралар барысында «Ұлт зиялыларының кітап оқу туралы ойлары» атты слайдты және кітап көрмелеріне шолу ұйымдастырылып отырылды.
«Оқымысты ел» акциясын қорыта келгенде жалпы 147 оқушы арасында мәдени іс- шаралар жүргізіліп, 238 оқушы арасында сауалнама толтырылды. Акция нәтижесі көңіл толарлық, ал кітапхананың оқу залы әрдайым оқушыға лық толы.
Ж. КӨШЕМІСОВА,
Қаратал орта мектебінің кітапханашысы.