
1️⃣ «Ардагерлерді» ардақтайық партиялық жобасы аясында «Қарабұлақ» бастауыш партия ұйымының Маметов орта мектебінің партиялық тобы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ерекше тәрбиелік шара ұйымдастырды. Шара аясында мектеп қабырғасында соғыс ардагерлерінің фотосуреттері, аты-жөні мен майдан даласындағы ерліктері туралы мәліметтермен безендірілген ақпараттық бұрыштар жасалды.
9️⃣ Бұл бұрыштар арқылы оқушылар мен жас буын өкілдері Ескелді ауданының батыр ұлдары мен қыздарының ерлік жолдарымен танысты. Арнайы ұйымдастырылған іс-шарада ұстаздар мен оқушылар соғыс жылдарында майданда қайсарлық пен батырлық танытқан жерлестеріміздің өмір жолын баяндап, олардың рухына тағзым етті.
4️⃣ Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен тарихи жадыны қалыптастыру, сонымен қатар бейбіт өмірдің бағасын ұғындыру. Батырларымыздың есімі мен ерлігі – өшпес мұра, ал оны насихаттау – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.
5️⃣ Мектеп ұжымы алдағы уақытта да осындай тағылымдық шараларды жалғастырып, Жеңіс жолындағы ерлік сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.