БЕРЕКЕЛІ ІСТЕР БАЯНДАЛДЫ

Кезекті есеп беру процесі қазақтың ақын қызының құрметіне қойылған Ақын Сара ауылдық округіне келіп жетті. Ауыл әкімі Бауыржан РАҚЫМЖАНОВ аудан әкімі Рауан Рақымбековпен халық алдында атқарылған жұмыстарды баяндады.
2019 жылы себілген жер 5364,5 га жерді құрап отыр. Дәнді дақылдардан 24653 ц. астық жиналып, әр гектардан 20 ц. өнім алынды. Ал 2250 га жерге күздік бидай себілген. Жем-шөпте мал азығы да жеткілікті мөлшерде жиналған. Ауыл тұрғындарына шабындық жерлер бөлініп берілді. Үкімет тарапынан шаруа қожалықтарына үлкен көмек көрсетіліп жатыр. Атап айтсақ, минералды тынайтқыштар, жанар-жағармай қолжетімді бағамен берілуде. Округ бойынша салық комитетінде 40 шаруа қожалығы тіркелген және «Сүт-Мастер» және «Зернопродукт-Р» 2 ЖШС бар.
Негізінен ауыл ауылшаруа-шылық өнімдерін өндірумен шұғылданады және мал шаруашылығымен де айналысады. Бүгінгі таңда 2890 бас ірі қара, 18540 бас қой мен ешкі, 878 бас жылқы, 57 бас шошқа, құстың барлығы 3803 бас құрап отыр. Көктем, күз айларында мал дәрігерлік іс-шаралар өткізіліп тұрады. 1 мал өліксесін тастайтын орын бар. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті салық түсімі барлығы 1980 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 42 өтініш қабылдандып, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бірінші бағыты «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу» бойынша бір көпбалалы жанұяға тұрғын үй берілді.
Сонымен қатар, ауылда қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. 2019 жылдың басынан Ақын Сара ауылдық округі бойынша 1 636 000 теңге көлемінде «Citic Construction CO.LTD», «Қапал» АӨК, Ақын Сара ауылының шаруа қожалықтары 168 жанұя, оның ішінде 227 балаға қайырымдылық көмектер көр-сеткен.
Денсаулық саласы бойынша ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау мәселесі бағдарламаға сай жүзеге асуда. Округте 1 дәрігерлік амбулатория және 2 медициналық пункттер халыққа қызмет көрсетеді. Ақын Сара ауылында күніне 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория да өз жұмысын атқаруда. Онда 1 дәрігер, 11 медбике жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулаторияның штаты толықтай жасақталған.
Мәдениет және спорт саласында ауылда мәдени іс–шаралар жоспарға байланысты ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады.
Қазіргі уақытта ауылда балалар ойнайтын стадион және волейбол, баскетбол ойнайтын шағын спорт алаңдары жұмыс жасайды. 1 спорт залы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс істеуде.
Абаттандыру мәселесі бойынша округ әкімі аппаратының, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, мектеп, мешіт, пошта бөлімшесі және тұрғын үй секторында сенбіліктер мен аумақтарды тазарту жұмыстары тұрақты өткізіліп тұрады.
2019 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Тамбала ауылы Рысқұлов көшесіне ағымды жөндеу жұмыстарына (қиыршық тас төсеу) 3457 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық игерілді.
2020 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Ақын Сара және Ақешкі ауылдарында орналасқан заңсыз қоқыс үйінділерін жергілікті көму жұмыстарын жүргізу үшін 1769 мың теңге бөлінді.
1 жыл ішінде ауыл тұрғындарының игілігі мен тыныштығы үшін атқарылған осындай ауқымды игі істерді ауыл әкімі Бауыржан Рақымжанов аудан әкімі Рауан Рақымбеков пен ауыл тұрғындарына баяндап, алдағы уақытта іске асатын жобалар жайлы айтып өтті.
Келесі кезекте аудан басшысы тұрғындарды жеке сұ-рақтары бойынша қабылдап, алдағы уақытта тиісті көмек көрсетілетіні туралы түсіндірді.
Ақын Сара ауылдық округі әкімінің атқарып жатқан жұ-мысына ауыл халқы қанағат-танарлық деген баға берді.