ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

Ескелді ауданында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай дәстүрін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жұртшылықты бірлікке, татулыққа шақыру болды.
Мерекелік шараны облыстық мәслихаттың депутаты Оспанов Жанат Тәңібергенұлы жүргізіп, құттықтау сөзін айтты. Ол өз сөзінде Наурыз мейрамы – әлем халықтары үшін жылдың жаңаруын білдіретін ерекше мереке екендігін атап өтіп, оның қазақ халқында ерекше орын алатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Жанат Тәңібергенұлы Қазақстанның әр өңірінде Наурыздың салтанатты түрде аталып өтуі еліміздің бірлігі мен мәдениетінің жоғары деңгейде дамуына ықпал ететінін айтты.
Шара барысында аудан тұрғындары түрлі ұлттық ойындар мен мәдени бағдарламаларға қатысып, мерекелік дастарханнан наурыз көжеден дәм татты. Ұлттық қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынды, ал жергілікті өнерпаздар ұлттық әндер мен билерді орындады. Қатысушылар мерекелік шарадан ерекше әсер алып, халықтық дәстүрлерді жандандырудың маңыздылығын сезінді.
Мереке аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жастардың ұлттық құндылықтарды тереңірек түсініп, оларды сақтап қалуға деген ынтасын арттырды. Бұл шараның маңызы өте зор, себебі ол тек мереке өткізіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, халқымыздың салт-дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге ықпал етті.