Ескелді ауданы мәслихатының төрағасы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы қоғамдық қабылдау өткізді

✅ Ескелді ауданы мәслихатының төрағасы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

☑️Қабылдау барысында азаматтар өздеріне маңызды сұрақтар мен мәселелер бойынша кеңес алып, тиісті жауаптар мен көмек алды. Тұрғындар тарапынан негізінен тұрғын үй, жер бөлу, әлеуметтік көмек және басқа да тұрмыстық мәселелер көтерілді.

✍️Ескелді ауданы мәслихатының төрағасы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы барлық өтініштерді мұқият тыңдап, әрбір мәселеге қатысты тиісті шараларды қабылдау үшін жауапты бөлімдерге тапсырмалар берді.