
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық кітапханада «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға аудан түрғындарымен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Аталған дөңгелек үстелдің мақсаты: тұрғындарға жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде, осы құбылыстың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіну арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңның, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіну.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады.