🏆Елордада «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Елордада ерекше форматта өткен «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық бала қатысты, олардың ішінде 66-сы ерекше қажеттілігі бар балалар.

📣«Тең мүмкіндіктер» фестивалі «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстанның бочча федерациясы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Спортты дамыту дирекциясы және Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

📌Марапаттау рәсімінде партия Хатшысы Шолпан Каринова бұл фестивальдің республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылғанына баса назар аударды. Оның айтуынша, «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

🏆Жетісудан айтулы шараға 12 бала қатысқан.

🏅 «Бочча» паралимпиадалық спорт түрінен Ескелді ауданының командасы 🥈 орын және Жеңіл атлетикадан Сарқан ауданының командасы 🥉орын иеленді.

Марапат иелерін құттықтай келе, олардың аталмыш фестивальға қатысуға демеушілік көрсеткен @zhetysu_centr ғылыми-тәжірибелік орталыққа алғыс білдіреміз.